Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Қоржынкөл бетіндегі мұз жарылып, балықшылар мінген көлік суға батып кетті. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереу оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы құтқару техникасының көмегімен көлікті көлдің шетіне тартып шығарды.
«Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Ақмола облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын мұз басқан көлдің бетімен жүрмеуге кеңес береді», - делінген ТЖД хабарламасында.