8 облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Автор: Azattyq Rýhy

Шектеу қойылған учаскелердің басым көпшілігі – Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында

Фото ашық дереккөзден

Қар аралас жаңбыр мен көктайғаққа байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 43 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтожол» ұлттық операторына сілтеме жасап. 

Шектеу қойылған учаскелердің басым көпшілігі – Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында.

Атап айтар болсақ: 

Ақмола облысында – 12 учаске;

Жамбыл облысында – 1 учаске;

Жетісу облысында – 1 учаске;

Қарағанды облысында – 5 учаске;

Қостанай облысында – 7 учаске;

Павлодар облысында – 2 учаске;

Солтүстік Қазақстан облысында – 13 учаске;

Түркістан облысында – 1 учаске;

Ұлытау облысында – 1 учаске. 

Компания көліктің барлық түріне шектеу енгізілгенін атап өтті. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 687 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.