Жамбыл облысында салықтан жалтарғандар 710 млн теңге төлеуге мәжбүр болды

Автор: Azattyq Rýhy

ҚМА өкілдері екі қылмыстық істі тергеді

Фото: gov.kz

Қаржы мониторингі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бюджетке салық төлеуден жалтару фактілері бойынша екі қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тіркеулері жойылып, сот шешімімен мәмілелер жарамсыз деп танылған сенімсіз өнім берушілермен өзара есеп айырысу нәтижесінде жосықсыз салық төлеушілер екі жағдайда мемлекет бюджетіне 470 млн және 240 млн теңге төлемеген.

Мемлекетке 710 млн теңгеден астам залалды толық өтеу нәтижесінде қылмыстық істер ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды», - делінген ҚМА хабарламасында.

Агенттік өкілдері салық төлеуден жалтару қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын және үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеді.