Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады
Еліміздің үш облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында — 1 учаске
Алматы облысында — 1 учаске
Жамбыл облысында — 2 учаске
«Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс). Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 272 техника жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.