Елімізде мереке күндері ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл күндері жауын-шашын мен қар жаууы мүмкін

Фото: freepik.com

«Қазгидромет» АҚ Қазақстан бойынша 2023 жылғы 30 желтоқсан 2024 жылғы 2 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«30 желтоқсан 2 қаңтар аралығында Қазақстанның ауа-райын Атлантикалық циклондар сериясы және атмосфералық фронттар айқындайтын болады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, солтүстік өңірлерде 1-2 қаңтарда қар түрінде болады деп күтілуде. ҚР бойынша көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі 15-28 м/с болады деп болжануда», - делінген хабарламада.

Ауа температурасы:

  • батыста түнде негізгі фон 5 аяз-5 жылы, күндіз 2 аяз-3 жылыдан 0-5 жылыға дейін ауытқиды;
  • солтүстік-батыста түнде 7-12 аяздан 5 аяз - 2 жылыдан, күндіз 0-8 аяздан 2 аяз - 5 жылыға дейін ауытқиды;
  • солтүстікте, орталықта түнде 5-15 аяздан 5 аяз - 2 жылыға дейін, күндіз 2-10 аяздан 2 аяз - 3 жылыға дейін ауытқиды;
  • шығыста түнде 7 аяз - 2 жылыдан 5-15 аязға дейін, күндіз 2 аяз - 3 жылыдан 0-5 аязға дейін ауытқиды;
  • оңтүстікте, оңтүстік-шығыста негізгі фон түнде 0-10, таулы аудандарда 10-15 аяз, күндіз 3 аяз-5 жылы, таулы аудандарда 6 аяз болады.