Коронавирус жұқтырған 1 дәрігердің жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

67 дәрігер коронавирус инфекциясын жұқтырған

Қазақстанның 8 өңірінде 67 дәрігер коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Бүгінде 9 емделушінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. 1 медицина қызметкерінің жағдайы ауыр. Қалған 57 науқас хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, ауру симптомдарсыз өтіп жатыр», - делінген ақпаратта.