Қостанай облысында қатты желден тұрғын үйдің шатыры опырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір шатырды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай облысының Тобыл қаласында ұйытқыған жел салдарынан тұрғын үйдің шатыры опырылды. Оқиғаны Қостанай облысының әкімдігі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Оқиға Водник 5 шағын ауданында болды. Көпқабатты тұрғын үйдің шатыры опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ. Бірнеше көлік зақымданған, олардың саны анықталуда. Қазір шатырды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалпына келтіру үшін алдымен жұмыс ауқымы мен залал деңгейі бағаланады. Одан әрі төтенше жағдай жариялануы мүмкін.