Қолайсыз ауа райына байланысты төрт облыста жолдар жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 167 бірлік техника жұмыс істеп жатыр

Коллаж: Azattyq Ruhy

22 желтоқсан сағат 21.00-дегі жағдай бойынша 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Ақмола облысында- 7 учаске

  • «Екатеринбург-Алматы» автожолында 917-1230 км, Жақсы ауылынан- Қажымұқан аулына дейінгі аралық — 313 км;
  • «Қостанай-Әуликөл-Сұрған» автожолында 232-260 км, Қостанай облысының шекарасынан-Сұрған ауылына дейін — 28 км;
  • «Жезқазған-Петропавл» автожолында 536-552 км, Бұзылық ауылынан- Сұрған ауылына дейінгі аралық — 16 км;
  • «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолында — 82км;
  • «Көкшетау-Атбасар» автожолында 47-184 км, Зеренді ауылынан-Атбасар қаласына дейін — 137 км;
  • «Астана-Қорғалжын» автожолында 19-124 км;
  • «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолында 37-51 км, Қабанбай батыр аулынан-Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық — 14 км;

Жетісу облысында - 1 учаске

  • «Астана-Қабанбай батыр- Нұра-Теміртау» автожолында 51-101 км, Ақмола облысының шекарасынан- Нұра ауылына дейінгі аралық — 50км.

Қостанай облысында- 1 учаске

  • «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында 218-232 км, Октябрьское аулынан - Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық — 14 км.

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 167 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.