Автожолдарда 718 бірлік техника жұмыс істеп жатыр
Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар екі жол учаскесіне шектеу енгізілді, жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 22 желтоқсандағы сағат 13.00-дегі жағдай бойынша шектеу 2 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 2 бөлігінде енгізілді.
1. Алматы – Ташкент - Термез учаскесі – 159-238 км, Кенен ауылынан – Қайнар ауылына дейін – 79 км.;
1. Үшарал– Достық учаскесі – 84-184 км, станция Көктұмадан станция Достықа дейінгі аралық – 100 км.;
Боран, шектеулі көрініс, көктайғақ, жауын-шашын болғандықтан, шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 718 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.