Атырау облысында құны 170 млн теңгеден асатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жер телімдері мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады

Фото: gov.kz

Жылыой ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін қайтару бағытында жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атырау облысының прокуратурасы таратқан мәлімет бойынша «Жана-Тан» ЖШС осы санаттағы жер учаскелерін игермегені және ұзақ уақыт бойы (2020 жылдан бері) мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды.

«Прокурорлық қадағалау шараларымен аталған кәсіпорын кадастрлық құны 174 017 800 теңге болатын 79 099 га жер учаскесін мемлекетке қайтарды», - делінген хабарламада.

Болашақта оны тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады.