Сенатта ерікті дактилоскопиялық тіркеу туралы заң мақұлданды
Құжат мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған
Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл құжат мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
«Заңда «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қызметіне және дактилоскопиялық тіркеуге қатысты түзетулер де қарастырылған», - делінген Сенаттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Нақты айтқанда, заң «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейтеді. Сондай-ақ Қазақстан азаматтарын ерікті түрде дактилоскопиялық тіркеуді көздейді.
Мәулен Әшімбаев атап өткендей, бұл шаралар азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға мүмкіндік береді.