«Әкім болғалы бері ешкімге сұхбат бермедім»: Досаев журналистерге қашан сұхбат беретінін айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол сұхбат алғысы келетіндердің қарасы көп екенін айтты

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте келер жылдан бастап журналистерге сұхбат беретінін айтты,деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Брифинг барысында Алматы әкімінен журналистерге сұхбатты сирек беруінің себебін сұрады.

«Шынымды айтсам, әкім болып жұмыс істегелі бері ешкімге сұхбат бергенім жоқ. Себебі қазіргі жұмыс халықпен, жуналистермен тілдесуім мені әрдайым назарда болуыма мүмкіндік береді. Онымен қоса, менің жоспарым бар. Келер жылдан бастап Almaty TV 25 жылдығын тойлайды. Сол кезде тек қорытынды жасау үшін емес, жалпы сұхбат беремін. Кейін көре жатармыз», - деді Досаев.

Әкімнің айтуынша, әкімдіктің баспасөз қызметінде сұхбат алғысы келетіндердің тізімі бар.

«Олардың қарасы көп. Ешкімге ренжітпей сөйлесе аламыз деп ойлаймын», - деді Досаев.