Жаһандық жылыну Орталық Азияға әсер етіп жатыр

Автор: Аманалина Тоғжан

Бұған бірден бір себеп - көмірдің әлі күнге негізгі энергия көзі ретінде пайдаланылуы

Фото: tass.ru

Орталық Азия, өзге елдермен салыстырғанда жаһандық жылынудан едәуір зардап шегіп жатыр. Су көздерінің сарқылып, көлдерің таязданып жатқаны соның бір айғағы, дейді америкалық сарапшы Эрик Руденшолд. Бұған бірден бір себеп, көмірдің әлі күнге негізгі энергия көзі ретінде пайдаланылуы. Сарапшының пікірінше, бейбіт атомның әлеуетін тиімді пайдалану – экологиялық апаттың алдын алудың бірден бір жолы.

Эрик Руденшолд Орталық Азия туралы кезекті зерттеу мақаласын жазып жатыр. Бұл жолы өңірдің экологиялық мәселелерін кеңінен қаузамақ. Оның ішінде Амудария мен Сырдарияның, Балқаш пен Каспийдің жыл өткен сайын таралып бара жатқанына әлем назарын аудармақ. Эрик өңірді бір кісідей білетін маман. АҚШ мемлекеттік департаментінде Орта Азия бойынша арнайы құрылымды төрт жыл басқарған. Сарапшының айтуынша, аймақтың жылыну қарқыны басқа елдерден әлде қайда жоғары. Экономикасының жетпіс пайызы су көздеріне байланған өңір үшін бұл өте қауіпті тенденция, деп жазады qazaqstan.tv.

«Аймақ елдері тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін суды көп қолданып жатыр. Ал тіршілік көзі тез сарқылуда. Себебі энергия өндіру үшін незінінен көмірді қолданады. Ал ол мұздықтардың еру қарқынын еселеді әрі жалпы температураның өсуіне себеп болуда. Сондықтан атом энергетикасына көшу қажеттілік болып отыр. Оның үстіне уран өндрісі бойынша Қазақстан көшбасшы ел», - дейді Каспий саяси орталығының аға ғылыми қызметкері Эрик Руденшолд.

Сарапшының пікірінше, бұл орайда, шағын реакторлар технологиясы Қазақстан үшін оңтайлы шешім болуы тиіс. Себебі мұндай реакторлар АҚШ, Франция секілді елдерінің дамуын қамтамасыз етіп отыр. Жалпы, өңірдің экологиясын жақсартып, жасыл экономиканы дамыту ісінде жалғыздың үні шықпайды. Сондықтан өзге орта азия елдері де Қазақстан қолға алып жатқан бастамалаға қосуылы тиіс, дейді мамандар.

«Атом бағдарламасын дамытқысы келетін кез келген мемлекеттің даму дұрыс болады деп ойлаймын. Себебі декорбанизацияға ұмтылған ел үшін бұл керек. Оның үстіне уранға бай Қазақстан үшін өзінің ұлттық нейтралды ядролық энергетика бағдарламасын дамытуы заңды құбылыс», - дейді Уран өндірісі компаниясының өкілі Пьер Хандер.

Дамыған елдер көмірмен жұмыс істейтін стансаларын біртіндеп тоқтатып жатыр. Ал елімізде әлі де энергияның 70 пайызы көмір жағу арқылы өндіріледі. Оның үстіне ауаға тасталатын улы түтіннің 40 пайызын шығаратын көмір электр стансалары ірі қалаларда орналасқан. Сондықтан шетелдік сарапшылар балама энергия көзін ертерек қолға алып, ядролық технология мамандарын даярлауға айрықша мән беру қажет дейді.