Ұлттық құрама ойыншысы әзірге шешімін жариялаған жоқ
«Ақтөбе» футбол клубының директоры Азамат Шайхы команда көшбасшысы Максим Самородовқа қатысты трансферлік ұсыныстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
«Біз оған тек қаржы тұрғысынан ғана емес, өзге де мәселелерге қатысты оңтайлы келісімшарт ұсындық. Ол шешімді өзі қабылдайды. Ол әлі нақты жауабын берген жоқ. Алайда ол бізбен бірге Түркиядағы жиындарға баратынына келісім берді. Әрине, мен оның «Ақтөбеде» қалғанын қалаймын, бірақ оның одан әрі өсуі үшін ұсыныс түссе, біз оны жіберуге дайынбыз», – деді Шайхы.
Бұған дейін Максим Самородовтың мансабына қатысты шетелден бірқатар ұсыныстар түскендігі туралы хабарланған болатын.