Қарлы боран салдарынан төрт аймақтағы жолдар жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 344 техника жұмылдырылды

Коллаж: Azattyq Ruhy

17 желтоқсан сағат 19.00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты 4 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • Атырау облысында «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолы;
  • Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы;
  • Жетісу облысында «Үшарал - Достық» автожолы;
  • Маңғыстау облысында «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайотес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» және «Бейнеу-Ақжігіт-гр.Өзбекстан автожолдары үшін көліктің барлық түрлеріне шектеу қолданылады.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 344 техника жұмылдырылды.