$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2020, 03:15
Жаңалықтар

Қызылорда облысында карантиндегі 8 адамнан COVID-19 анықталды

Науқастардың барлығы Шиелі ауданынан

Қызылорда облысында карантиндегі 8 адамнан COVID-19 анықталды

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 адам бұған дейін індетке шалдыққан адаммен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. 

«Зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде», деп мәлімдейді Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

6 сәуірдегі жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 45 адам анықталды, Қызылорда қаласында – 6 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 19 жағдай.

Сонымен қатар, осы уақытта қолайсыз елдерден келген барлығы 124 адам мониторингтік бақылауға алынған. Оның ішінде 1 «а» санатындағы елдерден келгендер саны – 4, 1 «б» санатындағы елдерден келгендер саны – 120 адам.

 

Серіктес жаңалықтары