Шымкентте 15 кәсіпкердің шоты заңсыз бұғатталғаны анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Осыған байланысты кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды

Фото: freepik.com

Шымкент қаласы прокуратурасының талдауы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының жүргізген камералдық бақылау нәтижесі бойынша 15 кәсіпкерлік субъектісінің шоты бұғатталғаны анықталды. Сәйкесінше, кәсіпкерлердің қызметі тоқтады. Бұл туралы Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура іс-әрекеттерді негізсіз деп таныды және қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде салық органы шешімінің күші жойылды. Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы және басқа да кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабымен (лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласуы) әкімшілік жауапқа тартылды.

Прокуратура кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойып, олар өз қызметіне кірісті.