Жамбыл облысында 500-ден астам жүк көлігі тас жолдардың бойында тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция қызметкерлері жағдайды бақылауда ұстайтын болады

Бейнеден кадр

Жамбыл облысында ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты 500-ден астам жүк көлігі тас жолдардың бойында тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбылдық полицейлер автожолдардағы жағдай дұрысталып, қауіп сейілгенше азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуде. Тәртіп сақшылары жаураған жолаушыларға ыстық шәй мен нан таратып, жағдайды түсіндіруде. Алыс жолға шыққан көліктердің майы қатып, техникалары істен шығып, жолда бұзылып қалып жатыр.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілермен бірге болып, жағдайды бақылауда ұстайтын болады.