Түркістан облысында қар құрсауында қалған 1000-ға жуық адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Республикалық маңызы бар автожолда 3 жылыту пункті дайындалды

Фото: facebook.com/Tjd Turkistan Oblysy

Боран мен қатты аяздан Түркістан облысындағы 9 облыстық, 1 республикалық маңызы бар автомобиль жолы жабылды. Құтқарушылар жолда қалған 1000-ға жуық адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жолаушылар жылу бекеттеріне орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

«Республикалық маңызы бар автожолда 3 жылыту пункті дайындалды. Қазіргі таңда департаментте штаб құрылып жедел желі жұмыс істеп жатыр», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.