Газа секторында қаза тапқан палестиналықтар саны 18,4 мыңнан асты
Израиль соққысынан 50 100 палестиналық жараланған

Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі Хамас пен Израиль арасындағы қақтығыс басталған 7 қазаннан бері анклавта қаза тапқан палестиналықтар саны 18 400-ден асқанын хмәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Анадолу агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күні департаменттің баспасөз хатшысы Ашраф әл-Кедра Израильдің Газа секторындағы әскери операциялары салдарынан барлығы 18 412 палестиналық қаза тауып, 50 100 палестиналық жараланғанын айтты.
«Соңғы бірнеше сағат ішінде анклавтағы ауруханаларға қаза тапқан 207 адамның мәйіті жеткізілді. Слндай-ақ Израиль шабуылдары салдарынан тағы 450 палестиналық жараланды», - деді департамент басшысы.
Еске салдайық, 7 қазанда ХАМАС шабуыланан Израильдің 1200-дей тұрғыны қаза тапты. Оғна жауап ретінде Израиль тарапы Газа секторына шабуыл жасап, соққы жасай бастады. Қарашаның соңында 10 күндік бітімге қол қойылды, оның барысында ХАМАС Израиль түрмелеріндегі 240 палестиналық тұтқын босатылса, 105 израильдік тұтқынды босатылатынын мәлімдеді.