Астана маңындағы елдімекендерге қатынайтын 12 автобус қозғалысын тоқтатты

Автор: Azattyq Rýhy

Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда

Фото: АСтана қаласы әкімдігі

Аязға байланысты Астана қаласы маңына қатынайтын 12 автобус рейстен алынды. Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ауа райының нашарлауынан (температураның төмендеуі) қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда», - делінген компания хабарламасында.