Австриялық азамат ер адам мен оның алты баласын жертөледе ұстаған
Нидерланд полициясы ферманы жалға алған Австрия азаматын қамауға алып, тергеу жұмыстарын бастап кетті. Бұл фермадан тоғыз жыл бойы жертөледе тұрған отбасы табылды, деп жазады ВВС. Қамауға алынған адам полициямен бірге жұмыс істеуден бас тартты және бейсенбі күні сот алдында жауап береді.
«Фермада заңсыз ұсталынған алты баланың ең үлкені қашып кетіп, фермадағы жағдай туралы айтып берген. Жергілікті тұрғындардың бірі 25 жастағы адамның сырт келбеті күмәнді болған соң, полиция шақырған. Оның айтуынша, адамның шаштары ұзын, үстіндегі киімі ескі болған. Қашқын ешқашан мектепте оқымағанын айтқан», деп жазады басылым.
Полиция фермада тінту жұмыстарының нәтижесінде бес бала мен олардың әкесін тапқан. Отбасы баспалдақтың жанындағы жасырын есіктің артындағы жертөледен табылған. Полиция ферма иесін бұл отбасыны заңсыз әрі мәжбүрлеп ұстады деп айыптап отыр.