Ресейде оқушы қыз мектепте оқ жаудырып, екі адам қаза тапты

Автор: Мира Байбек

Зардап шеккен жасөспірімдердің барлығы ауруханаға жеткізілді

Фото: РИА Новости

Ресейдің Брянск қаласындағы мектептердің бірінде атыс болып, екі адам қаза тапты, бес оқушы жараланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

РИА-Новости хабарлауынша, қайтыс болғандардың бірі – атыс ұйымдастырған 8-сынып оқушысы. Ол өзіне қол жұмсап көз жұмған.

«Оқушылардың бірі №5 гимназия ғимаратына атыс қаруын әкеліп, бірнеше рет оқ атқан, соның салдарынан екі адам қаза тапты, бес адам зардап шекті. Артынша жасөспірім қыз өзіне қол жұмсады», - делінген хабарламада.

Зардап шеккен жасөспірімдердің барлығы ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.