Бұл инфекция адамға тек доңыздан беріледі
Ұлыбритания тарихында тұңғыш рет шошқа тұмауының H1N2 штамын жұқтырған адам тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл инфекция адамға тек доңыздан беріледі.
2009 жылы індеттің осыған ұқсас штаммы әлемде пандемия тудырып, 280 мың адамның өмірін жалмаған болатын, деп жазады qazaqstan.tv.
Дегенмен, дәрігерлер жаңа штамнан аса қауіп жоқ, деп отыр.
Егер инфекция белгілері анықталса, дереу оқшауланып, басқалармен қарым-қатынаста болмауға шақырады.