Бұған дейін бірінші ауысымдағы оқушылар мен студенттердің онлайн форматқа ауыстырылғаны туралы хабарланған болатын
Астанада күн райының қолайсыздығына байланысты бүгін, 2023 жылғы 5 желтоқсанда екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқытуға көшірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Таңертең елордалық білім басқармасы 5 желтоқсанда күн райының нашарлауына байланысты «0-11 сынып оқушылары мен колледждің бірінші ауысымындағы студенттері қашықтан оқыту форматына көшіп жатқанын» хабарлады.
Кейін ведомство екінші ауысымдағы оқушылардың да қашықтан оқытуға көшіп жатқанын хабарлады.
«2023 жылғы 5 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі», - деді Астана қаласының білім басқармасы.