Бұл бағытта тасымал екі есеге өскен
Үкімет отырысында Автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауды және транзитті дамыту жайлы Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев баяндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша республика бойынша жүк тасымалының көлемі 5,5 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға артық. Отандық операторлардың үлесі 42%-ды құрайды. Транзиттік тасымалдауда да оң динамика байқалады», - деді Аблалиев.
Вице-министр атағандай, өткен жылмен салыстырғанда транзиттік тасымалдауда 44%-ға – 2,5 млн тоннадан 3,6 млн тоннаға дейін өсу байқалады.
«Негізгі көлем Қытайға еліне тиесілі – бұл бағытта жүк тасымалы екі есеге өсіп, 1,5 миллион тоннаға жетті. Сонымен қатар Қытайдан Еуропаға транзиттік жүк көлемін одан әрі ұлғайту үшін үлкен әлеует бар. Егер ағымдағы динамика сақталса, 2029 жылға қарай Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит деңгейі 5 есеге артады, бұл ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді», - деді ол.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ