ШҚО-да бірегей кітап орталығы ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

Орталықтың ашылуына ақындар мен қоғам қайраткерлері қатысты 

Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметінен

«КІТАП-AMANAT» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде алғаш рет кітап орталығы ашылды. Орталықты ашудағы басты мақсат, отандық әдебиеті қолдай отырып, жалпы кітап оқуға деген тұрғындардың  қызығушылығын арттыру, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларға қолдау көрсету, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталықтың салтанатты ашылуына «КІТАП-AMANAT» жобасының жанашыры, ақын, Мәдениет қайраткері, «Көк тудың желбірегені» өлеңінің авторы Алмас Ахметбекұлы, өңіріміздің қоғам қайраткерлері, жазушылары, зиялы қауымы өкілдері, танымал заңгер мамандар мен құқықтанушылар қатысты.

Сөз басында «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангул Жумадилова  Мемлекет басшысы ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар шығару, кітапханалар ашу ісіне ерекше мән беретінін атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістанда өткен «Ұлттық құрылтайда» кітап өндірісіне, кітап нәсихатына назар аударуды, 24 сағат ашық тұратын кітапхана болуын атап өткен болатын. Осы орайда  Президент тапсырмасын орындауға, бірден – бір қолдау көрсететін, алға қойған  мақсаттарға жетуге кепілдік беретін ең үлкен саяси ұйым «AMANAT» партиясы  «КІТАП-AMANAT» жобасын қолға алып өңірлерден кітап орталықтарын ашуда. Бүгін осындай орталық біздің өңірімізде ашылып отыр», – деді Сайрангүл Жұмаділова. 

Орталық барлық азаматтар үшін қол жетімді, кез-келген қала тұрынына кітап оқуға мүмкіндік бар. Алдағы уақытта аймақтық зиялы қауым өкілдерімен осы орталықта кездесу шараларын  өткізу жоспарлануда.

«Мұндай кітап орталығы бұр соңыды өңірлерде болған жоқ. Партияның руханиятқа көңіл бөліп, оқырмандарға барынша жағдай жасауы қуантарлық дүние. Орталықта қазіргі танымал авторлардың да, бұрынғы  классик жазушылардыңда еңбектері бар. Дәстүрлі кітапхана ол бөлек, ал мынандай заманауи орталық мүлде басқа»,- дейді КІТАП-AMANAT» жобасының жанашыры, ақын, Мәдениет қайраткері Алмас Ахметбекұлы

«КІТАП-AMANAT» жобасы ол — «Ауыл Аманаты», «Жер Аманаты» сияқты Партиямыз қолға алған аса маңызды ұлттық жоба. «Ауыл Аманаты» мен «Жер Аманаты» экономикалық салаға бағытталса, «КІТАП- AMANAT» халықтың рухани қуатын жетілдіруді көздейді.