9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті Кентау қаласында ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер 31 жастағы ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамады

Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті Кентау қаласында ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицейлер 31 жастағы ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі таңда оны экстрадициялау мәселесі талқыланып жатыр.

«Күдікті деп танылған Ресей азаматына есірткіні заңсыз сақтау қылмысы үшін 2014 жылы іздеу жарияланған болатын. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кентау қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскердің орналасқан жерін анықтады. Содан жедел уәкілдердің жүйелі жүргізген әрекеттерінің арқасында ер адам Кентау қаласындағы пәтерлердің бірінен ұсталды», - делінген хабарламада.