$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда адам қағып өлтіріп, қашып кеткен күдікті ұсталды

Қашқын жаңа технологияның көмегімен қолға түсті 

Алматылық полицейлер жаяу жүргіншіні қағып өлтірген қашқынды тапты. Күдікті төрт күннен соң қолға түсті, деп Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 25 қараша күні түнгі сағат 04:15-те болған. Адам өлімімен аяқталған қағылы оқиға Алматының Алатау ауданында тіркелген еді.

«30 жастағы Р.есімді азамат, ВАЗ көлігін басқарып келе жатып, Жұмабаев пен Солтүстік айналма көшелерінің қиылысында 29 жастағы О.есімді азаматты қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Өкінішке қарай, жаяу жүргінші алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды», - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.

Күдіктіні табуға жаңа технологиялар қолданылған. Қашқын қамауға алынды.

«Іздеу бөлімінің қызметкерлері жаңа технологияларды қолдана отырып, қашып кеткен жүргізушіні анықтады. Ол қамауға алынды. ПД-нің тергеу басқармасында адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) қозғалған қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті қамауға алынды», - Шумаев.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Серіктес жаңалықтары