Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күні: Аида Балаева үндеу жасады

Azattyq Rýhy

Оның видеосын министр Фейсбуктегі парақшасында жариялады

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күні: Аида Балаева үндеу жасады
Фото ашық дереккөзден

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні қарсаңында мәлімдеме жасады. Оның видеосын министр Фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні. Бұл дата біздің еліміз үшін несімен маңызды, мәні неде, тәлімі қандай? Бұл сұрақтарға жауап қоғамның өзінде жатыр. Өкінішке қарай, әйел затына жасалған зорлық-зомбылық қылмыстар жантүршігерлік сипат алуда. Ең сорақысы, қоғамның бір бөлігінің осындай зомбылыққа еті үйреніп, тұрмыстық әдетке ысыра салуға бейім тұр. Ал осы күні таяқ пен қорлықтан, психологиялық, жыныстық, тіпті экономикалық тұрғыдан зардап шегіп, өмірін өксікке толтырған мыңдаған әйел кейбіреулер үшін тілсіз статистика», - деді Аида Балаева.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.