Кепілге алынған израильдіктердің бірінші тобы босатылды
Бұған жауап ретінде Израиль түрмелерден 39 палестиналықты шығарды
Кепілге алынғандардың бірінші тобы Газа аумағынан шығарылып, Израильдің жалпы қауіпсіздік қызметкерлеріне берілді. Бұл туралы израильдік БАҚ өкілдері жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Босатылған азаматтар Израильге жеткізіледі. 13 израильдік, 10 тайландтық және бір филиппиндік азамат Халықаралық Қызыл Крест қызметкерлеріне берілді және Рафах бақылау бекеті арқылы Египетке жеткізілді.
Онда оларды Израильдің жалпы қауіпсіздік қызметінің өкілдері қарсы алды.
Азат етілгендер тікұшақтармен Израильдің оңтүстігіндегі Хацерим әскери әуе базасына жеткізіледі. Олар медициналық тексеруден өтіп, отбасыларымен кездеседі.
Бұған жауап ретінде Израиль түрмелерден 39 палестиналықты шығарды. Олардың басым бөлігі әйелдер мен балалар.
Атысты тоқтату режимі төрт күнге созылады, осы уақыт аралығында ХАМАС содырлары тұтқындаған 200-ден астам кепілге алынған адамдардың кем дегенде 50-і босатылады.
Кепілге алынғандардың орнына Израиль үкіметі 150 палестиналықты босатады.
Израильдік БАҚ хабарлағандай, кепілге алынған адамдар сектордың оңтүстік бөлігінде ұсталды.