Мейрамбек Таймерденов сот жүйесінде 19 жылдан астам қызмет етті
Жоғарғы Сот судьясы Мейрамбек Таймерденов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сенаттың бүгінгі отырысында депутаттар Мейрамбек Таймерденовті қызметінен босатуға дауыс берді.
Мейрамбек Таймерденов сот жүйесінде 19 жылдан астам қызмет етті. Сондай-ақ ол төрт жыл Жоғарғы Соттың судьясы қызметін атқарды.
Аталған судьялық қызметте болудың шекті жасы – 65 жас.