$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қырғызстанда Камчы Көлбаевтың 720 пәтері мемлекет меншігіне өтті

Сондай-ақ 38 жылжымайтын мүлік пен кәсіпдардағы акциялары алынды

Қырғызстанда Камчы Көлбаевтың 720 пәтері мемлекет меншігіне өтті
© Фото / ҚР МҰҚК

Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі атанған, кейіннен арнайы операция кезінде оқ тиіп мерт болған Камчыбек Көлбаевтың 720 пәтері мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

24kg агенттігінің хабарлауынша, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі агенттік директорының бірінші орынбасары Медер Машиев пәтерлердің өз еркімен тапсырылғанын атап өтті.

Оның айтуынша, сондай-ақ мемлекет меншігіне 38 жылжымайтын мүлік (ғимараттар мен жер телімдері), кәсіпкерлік субъектілерінің 15 акциясы мен жарғылық капиталындағы үлестері, сондай-ақ 356 автокөлік өткізілген.

«Олардың қатарында тәркіленген, өз еркімен тапсырылған және халықаралық ұйымдардан алынған көлік құралдары бар», - деді шенеунік.

Серіктес жаңалықтары