Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады
Астана қаласының Білім басқармасы екінші ауысым сабақтарының уақытын 35 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сабақтар уақытының қысқаруы ауа райы жағдайларына байланысты болғаны ескертілді.
«Сабақ соңында оқушыларды мектептен ата-аналары немесе заңды өкілдері алып кеткені дұрыс. Қолданыстағы ережелерге сәйкес жаңбыр мен көктайғақ сабақтарды тоқтатуға негіз бола алмайды» , - делінген басқарма хабарламасында.
Ведомство өкілдері сондай-ақ әрбір ата-ана сынып жетекшісіне алдын ала хабарлай отырып, баланы мектепке жібермеуіне болатынын ескертті.