Ведомство сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр
Әлеуметтік желілерде «QazaqGaz» АҚ қызметкерлері мен басшылығының ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Аталған ақпаратқа қатысты Антикор өкілдері түсініктеме берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомство хабарлауынша, Антикор QazaqGaz-дың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдалануы ықтималдығы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
«Қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты зерделеу және объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша ешкім ұсталған жоқ. Ешкімге айып тағылған жоқ», - деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.