Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің үш өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвтоЖол» АӨ баспасөз қызметінің хабарлауынша, күтіп-ұстау жұмыстарына 170 бірлік арнайы техника мен 240 маман жұмылдырылды.
Атап айтанда:
Ақмола облысында:
- Қостанай – Әулиекөл – Сұрған күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
- Жақсы – Есіл – Бұзылық жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;
- Жезқазған – Петропавлкүре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
- Екатеринбург – Алматы тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы.
Солтүстік Қазақстан облысында:
- Жезқазған – Петропавл күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;
- Екатеринбург – Алматы күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық.
Қостанай облысында:
- Қостанай – Әулиекөл – Сұрған күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін;
- Жезқазған – Петропавл тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында жол жабылды.