Аман Төлеев дүниеден өтті

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол үш мәрте Ресей президенттігіне үміткер болған

Фото ашық дереккөзден

Саяси қайраткер, Ресейдің Кемеров облысының экс-губернаторы Арман Төлеев 80-ге қараған шағында көз жұмды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Аман Төлеев 1944 жылы Красноводск қаласында дүниеге келген. Әкесі – қазақ. Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан.

Нововсібір темір жол инженерлері институтын (1973), Қоғамдық ғылымдар академиясын (1989) бітірген. Еңбек жолын 1964 жылы Кемеров облысында  теміржолшы болып бастаған.

1997 жылдан бастап Кемерово облысының губернаторы болды. 3 рет (1991, 1996, 2000) РФ Президенттігіне кандидат болып тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 25 наурызында ресейлік Кемероводағы төрт қабатты «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт болды. Өрт ошағы жоғарғы қабаттан шығады, онда бірнеше кинотеатр мен балалар ойын алаңдары орналасқан. Өрттен 64 адам қаза болды. Қайтыс болғандар тізімінде 41 бала болды. Зардап шеккендердің жалпы саны 79-ға жетті.

Өрттен кейін Аман Төлеев өз еркімен отставкаға кету жайлы өтініш жазды.