Кездесу Еуро-2024 чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін «Астана Арена» стадионына келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу Еуро-2024 чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны өз алаңында қабылдайды. Футболшыларымыз бұған дейін Сан-Марино құрамасын сырт алаңда 3:0 есебімен жеңген болатын.