Атырауда 1000-ға жуық психотропты дәрі сақтаған күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот сараптамасы бойынша алынған заттар кептірілген марихуана екені белгілі болды

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Атырауда 1000-ға жуық психотропты дәрі сақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның хабарлауынша, 14 қараша күні Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Көктем ықшам ауданына есірткі заттарын және дәрігердің тағайындауынсыз әсері ауыр дәрілік препараттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 1979 ж.т. қала тұрғынын анықтаған.

Мекен-жай бойынша тексеру кезінде 996 дана түрлі әсері жоғары психотропты дәрілер, сондай-ақ 29 дана бекіре тұқымдас балықтары мен ешжерде тіркелмеген атыс қаруы және полителен пакетке салынған өткір иісі бар өсімдік тәркіленді.

Сот сараптамасы бойынша алынған заттар кептірілген марихуана екені белгілі болды.

ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.