Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті – Президент құттықтау жолдады

Автор: Мира Байбек

Елімізде 20 миллионыншы бала дүниеге келді

Фото: Ақорда

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желідегі парақшасында хабарлап, ел халқын құттықтады.

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», - деп жазды Президент.

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамды құрағанын, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,41%-ға артық екенін жариялаған болатын.