Астанада студенттер арасында алғашқы «StudQuiz» зияткерлік сайысы өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Іс-шараға ең тапқыр, үздік әрі білімді жастар қатысты

Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Елорда төрінде Халықаралық студенттер күніне орай қазақша куиз – зияткерлік сайысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының мұрындық болуымен ұйымдастырылды,

Қазіргі таңда елімізде 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 6 миллионнан астам, оның 575 мыңнан астамы жоғары оқу орындарында, ал 531 мыңы колледжде білім алатын студент жастар екен.

Дәл осы студенттер арасынан Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының білім алушыларын жинаған зияткерлік сайыста ең тапқыр, үздік әрі білімді жастар болды.

Астана қаласындағы Жоғары оқу орында оқитын студенттер зияткерлік сайыста бақ сынады. Жаңа орта қалыптастыру және жаңа дағдыны игеруде «StudQuiz» ойыны таптырмас алаң екені айдан анық. «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жұматұлы Жылқыбаев студенттерді Халықаралық студенттер күнімен құттықтады.

«Жастардың заманауи білім игеруіне, дағдыларын шыңдауға, жаһандық еңбек нарығында да бәсекеге қабілетті болуына өз күшімізді салатын боламыз. Ол туралы партиямыздың 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында да анық көрсетілген. Заман талабына, уақыт сұранысына сай алдыңғы қатарда дамығысы келетін кез келген мемлекеттің азаматтық қоғамы мықты, білімді болуы тиіс деп санаймыз», - дейді іс-шара ұйымдастырушылары.