15.11.2023, 12:02
Жаңалықтар
Қорғаныс министрі баласын әскерге өзі жетектеп апаратынын айтты
Қазір ол әлі студент
Видеодан кадр
Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов өз баласын әскерге жетектеп апаратынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Қазір оның жасы жиырмада – студент. Оқуын тәмамдаған соң өзі таңдаған бағыт бойынша әскерге өзім жетектеп апарамын. Алайда арнайы құрылымдарға барғаны абзал», - деді Жақсылықов.
Сондай-ақ Мәжілістің жалпы отырысында министр лауазымды тұлғалардың балаларын әскерке міндеттеу бойынша бөлек норма қажет емес екенін айтқан еді. Оның айтуынша, заң барлығына бірдей, ортақ.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды