Жараланғандар мен хабар-ошарсыз кеткендердің нақты саны әлі анықталған жоқ
Буркина-Фасоның солтүстігінде кем дегенде 70 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Reuters агенттігінің жазуынша, бұл туралы елдің бас прокуратурасы хабарлаған.
«5 қарашада белгісіз біреулер Заонго ауылына шабуыл жасап, негізінен қарттар мен балаларды өлтірген. Артынша содырлар ауыл тұрғындарының мүлкін өртеп жіберген», - делінген хабарламада.
Қазірше қаза болғандардың, жараланғандардың және хабар-ошарсыз кеткендердің нақты саны әлі анықталған жоқ.
Билік оқиғаға, соның ішінде шабуылға қатысы бар күдіктілер туралы басқа ақпарат берген жоқ.