Петропавлда үй ауласынан ер адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді

Фото ашық дереккөзден

Петропавлда қала тұрғындары үйдің ауласынан ер адамның мәйітін тауып алды. Бұл туралы СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

58 жастағы марқұмның қайтыс болу себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді. 

«11 қарашада 102 пультіне Алматы және 314-ші атқыштар дивизиясы көшелерінің қиылысында 58 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл оқиға «Адам өлімі» бабы бойынша ЕҚДБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.