Газадағы 36 аурухананың жартысы, алғашқы медициналық көмек орталықтарының 60% жұмыс істемейді
Газа секторында әр 10 минут сайын бір бала қаза болуда. Бұл туралы Дүниежүізілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Таяу Шығыстағы жағдайды талқылау үшін өткізілген БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Газа секторында 10 800-ден астам адам қаза тапты, олардың 70%-ы – әйелдер мен балалар. Шамамен әр 10 минут сайын бір бала ажал құшады», – деді ДДСҰ басшысы.
Оның айтуынша, Газадағы 36 аурухананың жартысы, алғашқы медициналық көмек орталықтарының 60% жұмыс істемейді.
«Науқастар аурухана дәліздерінде жатыр. Хирургиялық операциялар анестезиясыз жасалуда», - деді ол.