Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктер 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін еліміздің басым бөлігінде атлантикалық циклонның және соған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында. старға олжау
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауып, қар жауады, тұман түседі, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +1...+3°C болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, жел 3-8 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +7...+9°C болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +12...+14°C болады.