Мексикада өткен турнирде Рыбакина 3 ойын өткізді
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбкина WTA-дің финалдық турнирінде екінші рет жеңіліп, плей-офф кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Мексикада өткен турнирде Рыбакина 3 ойын өткізді. Бірінші кездесуінде әлемдік рейтингте өзінен бір саты төмен тұрған америкалық Джессика Пегуладан жеңілсе, одан соң грек теннисшісі Мария Сакариден басым түсті.
Топтың қорытынды матчында Қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға жол берді. Осылайша отандасымыз әлемнің үздік сегіз теннисшісі қатысқан турнирде 396 мың доллар яғни 182 миллион теңге табыс тапты.