Олардың көпшілігі жүйке жүйесі аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрады
Шымкент қаласының прокуратурасы көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдері бар 1268 адамды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомство мәліметінше, олардың көпшілігі психоактивті заттарды қолдану және жүйке жүйесі аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрады.
«2022-2023 жылдары олар 1300-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзып, 28 жол-көлік оқиғасын жасаған, көліктердің зақымдануы салдарынан зардап шеккендерге материалдық шығын келтірген», - делінген прокуратура хабарламасында.
Аталған тұлғалардың жүргізуші куәлігін иеленуі заң талаптарына қайшы келуіне байланысты, прокуратураның актісі бойынша бүгінгі күні сот шешімімен 37 тұлға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Қалған тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылып жатыр.