$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кей өңірде қар жауады: бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Кей өңірде қар жауады: бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: celes.club

Синоптиктер 6 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін еліміздің басым бөлігінде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Елдің шығысында  антициклон жотасының әсерінен  тұрақсыз ауа райы болып, қар жаууы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын болады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, түнде шығыс аймақтарда жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +1...+3°C болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 5 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +11...+13°C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +17...+19°C болады.

Серіктес жаңалықтары