Гвинеяның бұрынғы президенті ұсталған түрмеге қарулы адамдар шабуыл жасады
Гвинеяның бұрынғы президенті Мусса Дадис Камара Конакри қаласында орналасқан түрмеден қашып кетті. Бұл туралы Гвинеяның Әділет министрі Чарльз Райт мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолы ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, экс-президент қамауда отырған түрмеге қарулы адамдар шабуыл жасаған.
«Гвинеяның экс-президенті басқа сотталушылармен бірге түрмеден қашып үлгерд», - деді ол.
Конакри түрмесіне апаратын барлық жолдар жабылды.
Камара Гвинеяда 2008 жылы әскери төңкеріс арқылы билікке келді. Ол 2022 жылдың қыркүйегінде стадионда жаппай қырғынды жоспарлады деген айыппен қамауға алынды. 2009 жылдың қыркүйегінде Конакри стадионында үкіметке қарсы демонстрацияға қатысқан 157 адам қаза тапты.